Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

AstanaTV
02.05.2024ж. 21:37
333
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды olympic.kz.

Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегер атанды.

Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.