Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылжарлық кәсіпкер «Нұр Отанның» көмегімен жеке мүлкін заңдастырып алды

AstanaTV
02.02.2017ж. 20:00
1664
Қызылжарлық кәсіпкер «Нұр Отанның» көмегімен жеке мүлкін заңдастырып алды

Қызылжарлық кәсіпкер Борис Терещенко «Нұр Отан» партиясының көмегімен жеке мүлкін заңдастырып алды. Техникалық қызмет көрсету орталығы 2006 жылға дейін "Абылайхан резиденциясы" мұражайына тиесілі аумақта тұрған. Жер телімдерінің шекараларын дұрыс белгілеу мақсатында жергілікті әкімдік 11 жыл бұрын кәсіпкермен жер айырбастаған. Ізінше ғимараттың бір бөлігін бұзып, екінші жақтан жанама нысан тұрғызып берген. Алайда, оны заң жүзінде тіркемепті. Борис Терещенко жаңа нысанды заңдастыруға біраз әрекеттенсе де, ісі оңға баспады.

Борис Терещенко, техникалық қызмет көрсету станциясының қожайыны:

Станцияны жаңғырту кезінде пайдалануға беру актісі рәсімделген жоқ. Нұр Отанның көмегіне жүгінген соң, 10 күннің ішінде бұл құжатты алдық. Оларға ризашылығым зор. Жалпы, ғимараттың құжаты болмаса да, біз оның салығын толық мөлшерде өтеп жүрдік.  

Нұротандықтар барар жері, басар тауы қалмаған азаматтарға қол ұшын созуды жалғастыра бермек. Тұрғындардың бірі қаржылай көмек көрсетуді өтінсе, енді бірі жұмыспен қамтуды сұрайды. Былтыр «Нұр Отан» партиясының облыстағы қоғамдық қабылдауына екі жарым мыңға жуық адам келген. Оның бес жүзіне көмек көрсетілді.

Динара Ауғанбаева, "Нұр Отан" партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауының маманы:

Азаматтардың басым бөлігіне заңгердің кеңесі берілді. Бізге келген адамдардың көбі өз проблемаларын шешу үшін қай мекемеге жолығатынын білмейді. Біз оларды дұрыс жолға бағыттаймыз. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ай сайын қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады.