$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

03.05.2024ж. 20:00
856
Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық үндеуін еліміздің әр аймағы қолдап, жұрт болып жұмыла кірісті.Тұрғындардан бастап іргелі кәсіпорын жұмысшыларына дейін төңірегін көркейтіп, мекендерін көгалдандыру ісіне көңіл бөліп жатыр.Ауқымды акцияға Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет ұжымы да үлкен үлес қосты.

Игі бастамаға іргелі оқу орнының үш мыңнан астам студенті қатысқан.Бұл жолы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультетінің белсенді жастары бас ғимарат төңірегін тазартты. Акцияға университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы да атсалысып жатыр.

Әсия БЕРКЕНОВА, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ:

Жер таза болса, ауа да таза болады.Ауа таза адамның жанында денсаулығы да мықты болады. Сондықтан әрдайым еліміздің көркейіп, жұртымыздың аман-есен болып, денсаулығының мықты болуына әр пенде өз үлесін қосуға тиіс деп ойлаймын.

Сейітбек ҚУАНЫШБЕКОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:

Мұндай жұмыстар бізде бесінші оқу ғимаратында педагогикалық институт орналасқан, содан кейін бұрынғы ауыл шаруашылық институтында орналасқан екі факультетіміз бар.Олар өздерінің аумағын түгел тазалап, осылай төңіректі таза ұстауға өз үлестерін қосып жатыр.

Университет ұжымы сегізінші сәуірден бері бірнеше рет сенбілік өткізген. Экологиялық шараға студент – жастар ерекше көңіл бөліп отыр.Қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау әр саналы адамның міндеті ,-дейді қара шаңырақ шәкірттері.

Динара ЗЕЙНОЛЛА, СТУДЕНТ:

Біз басымызды қосып, өте жақсы тығыз қарым-қатынаста дәл осылай сенбілік жұмыстарды атқарып отыру күнделікті бәрімізге атқарылатын міндет деп білеміз.

Тазалық –табалдырықтан басталады дейді дана қазақ. Сенбілік барысында студенттер жатақхана айналасын жөнге келтіріп,қоқыс пен сынған бұтақтарды сыртқа шығарды.Төңіректі тазартты.Акция жалғаса бермек.