Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды жұмысшылары Президент Жолдауын қолдайды

AstanaTV
02.02.2017ж. 20:00
2651
Қарағанды жұмысшылары Президент Жолдауын қолдайды

Қарағандылық жұмысшылар Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Жолдауына қолдау білдірді. Шаһардағы құю-машина жасау зауыты ұжымы өкілдерінің пікірінше, жаңа кезең өндіріс саласында заманауи озық технологияларды игеруге септігін тигізбек. Кен-байыту кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы техникаларын өңдейтін өнеркәсіп отандық өнімді экспортқа шығаруды мақсат етіп отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауын еңбекші қауымға түсіндіруге келген мәжіліс депутаттары зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Өндірістегі модернизациялау, автоматтандыру процесіне куә болды. Германия, Чехия  мемлекеттерінен әкелінген сандық бағдарламалық станоктар ауыр техника тетіктерін мінсіз дәлдікпен өңдеп, құрастыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды игеру үшін инженер-технологтар Ресейде білімін жетілдірген. Зауыттан шығатын тауарлар Беларусь елінде сертификаттаудан өтеді.

Нұрлан Әбдіров,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жасаған тауарын ол жаққа апарып, сертификациядан өткізіп, қайтадан алып келу бір жағынан үлкен шығындар әкеледі. Ондай сертификацияны бұл жерде жасайтын мамандар, лабораториямыз бар. Осы Қазақстанда тиісті институттарға шығып, солармен бірге жұмыс істей аламыз ба, - деген нақты ұсыныстар қойылды. Осы пікірлерді біз міндетті түрде, әрине, қолданысқа аламыз.

Сондай-ақ мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысына барып, Елбасы жолдауына қатысты түсіндіру шараларын жүргізді. Ақтау қаласының активімен жүздескен олар мемлекеттік билік тармақтарындағы өкілеттіктерді  бөлуге қатысты үндеумен қатар, жолдаудың өзекті тұстарына тоқталды. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев жаңа заң жобаларын қабылдауда елді толғандыратын жәйттерге барынша назар аударылатынын жеткізді.