$492.22 €529.38 ₽5.03
×

Бүгін ел аумағында жаңбыр жауып, үсік жүреді

AstanaTV
04.05.2024ж. 09:29
680
Бүгін ел аумағында жаңбыр жауып, үсік жүреді

Қазгидромет синоптиктері 4 мамыр, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Түнгі уақытта елдің шығысында жаңбырмен қоса қар түсуі мүмкін. 

Елдің оңтүстік-шығысында ғана жауын жаумайды.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, оңтүстікте дауыл, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік сақталады, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда, Қарағанды облыстарының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Абай, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.