$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде үшінші орынға шықты

AstanaTV
05.05.2024ж. 20:51
478
Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде үшінші орынға шықты

Халықаралық валюта қорының мәліметінше, наурыз айында орталық банктердің таза алтын сатып алу көлемі 16 тоннаны құрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Барлық ел арасында Қазақстан Түркия, Үндістан және Қытайдан кейін сатып алу көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие болды.  

Бір айдағы ең көп алтынды (14 тонна) – Түркияның орталық банкі сатып алды, одан кейін Үндістанның резервтік банкі мен Қытайдың Халық Банкі алтын қорларын 5 тоннаға толтырды. Үшінші орынды 4 тонна бағалы металл сатып алған Қазақстан мен Сингапур бөлісті.

Наурыз айында Орталық Азия елдері арасында Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша бірінші орынды иеленді.

Алтынның негізгі сатып алушылары Сингапурдан басқа дамушы нарықтары бар елдердің орталық банктері болды. Сингапурдың ақша-несие басқармасы – алтын қорын толықтыратын жалғыз дамыған нарық банкі.

Сондай-ақ Әзtрбайжан Республикасының Мемлекеттік Мұнай қоры (МҚҚҚ) жыл басынан бері алтын қорының 3 тоннаға артқанын хабарлаған жалғыз қор болды.

11 тонна алтын сатқан Өзбекстан мемлекеті қорын барынша азайтты. Иордания да қорын 4 тоннаға, Таиланд 10 тоннаға азайтты.