Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

AstanaTV
06.05.2024ж. 17:31
551
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.