Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды

AstanaTV
06.05.2024ж. 19:14
342
Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды

Премьер-Министр Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды.

Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.