Қарағанды облысында жол апатынан 12 адам зардап шегіп, екі бала мерт болды, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері 7 мамыр күні Алматы-Екатеринбург тасжолында «Тойота Камри» мен «Шевроле Нексиа» соқтығысқанын хабарлады. Оқиға салдарынан «Шевроле Нексиа» көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі көлікте болған 10 жолаушы медицина мекемесіне жеткізілді.
Аталған факті бойынша қымыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.