Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Әскери бөлімнен қарулы сарбаз қашып кетті: зардап шеккендер жоқ

AstanaTV
09.05.2024ж. 15:29
392
Әскери бөлімнен қарулы сарбаз қашып кетті: зардап шеккендер жоқ

Әлеуметтік желіде әскери қызметкердің қашып кеткені туралы бағдар тарады,-деп жазады АқЖайық порталы.

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, 41433 әскери бөлімінің сарбазы 2005 жылы туған Алексей МОЛДАВСКИЙ 8 мамыр күні сағат 01:00-де өзімен бірге автомат пен 60 оқ-дәріні алып, бөлімнен шығып кеткен. Мұнайшы ықшамауданында такси ұстап, Новостройкаға жеткен..

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі әскери қызметшінің өзіне бекітілген қарумен әскери бөлімнен өз еркімен шығып кеткенін растады.

Қазіргі уақытта сарбаз бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ.