Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Солтүстік Қазақстанда кенеттен бұршақ жауды

AstanaTV
09.05.2024ж. 19:47
242
Солтүстік Қазақстанда кенеттен бұршақ жауды

9 мамырда Қазақстанның солтүстігінде кенеттен күн күркіреп, бұршақ жауған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ауыл тұрғындары бұршақ пен жаңбырдың фото-видеоларымен бөлісті. Облыстың оңтүстік аудандарында бұршақ жауыпты. Тұрғындар бұршақтың көлемі жаңғақтікіндей деп таңғалды.

Солтүстік Қазақстан облысында мамырда бұршақ жауып, дауыл соғып, күн күркіреуі таңсық емес. Бір жыл бұрын да өңірде мамыр айында қатты боран болған.