Өрт сөндірушілер төрт газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка а. жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 13 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында тұрғын үйдің толығымен өртенуіне жол берілмеді және 4 газ баллоны шығарылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Өрт сөндірушілер үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуының алдын алып, 4 дана газ баллонын шығарды.
Өрт сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.