Санкт-Петербургтегі автобус апатында қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fontanka.ru сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қаланың ортасында болған: жолаушылар отырған автобус бірнеше автокөлікке соғылып, көпірдің қоршауын қиратып, Мойка көліне түсіп кеткен.
Алдын ала болжам бойынша автобустың жеті жолаушысы қаза тапқан.
Оның ішінде 28 жастағы Марина Ю. - Көкшетау тумасы бар. Петербургте тұрған әйел адам табиғи косметикамен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізетін.