Күн сәулесіндегі соңғы белсенділік Қазақстанның солтүстік ендіктерінде Солтүстік шұғыласының жаңа толқынын тудырды. Қостанай облысының тұрғындары түрлі фотосуреттерді бөлісті.
Аспанның ашық қызғылт, жасыл түске боялғанын әсіресе Сарыкөл, Қостанай, Лисаковск аудандарының тұрғындары байқады,-деп жазады KAZINFORM.
Бұл құбылысты сонымен қатар Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана маңында тұратындар да байқаған.