10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қостанай облысының полиция департаменті марқұмның криминалист болып жұмыс істегенін айтты. Ол қазіргі уақытта жыл сайынғы еңбек демалысында болған.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.