$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бизнеске берілетін несие көлемі артты

AstanaTV
11.05.2024ж. 17:00
480
Бизнеске берілетін несие көлемі артты

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге көбірек несие бере бастады.

Бір жылда бизнесті қаржыландыруға 13,5 трлн теңге бөлінді. Былтыр бұдан 13,5 пайызға аз еді. Оның ішінде 7,7 трлн теңге шағын және орта бизнеске, 5,3 трлн теңге ірі бизнеске берілген.

Әсіресе, өнеркәсіп және сауда саласының кәсіпкерлері несиені көбірек алған.

Ал өңірлер бойынша Алматы, Астана және Шымкент қаласы көш бастап тұр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.