$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

AstanaTV
11.05.2024ж. 22:36
515
Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

Қызылорда қаласында кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады.

Оқиға Қызылорда қаласындағыб қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде болды.

«Кафеде болған өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 тұрғынды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.