$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мас жүргізуші полициядан қашамын деп аялдамаға соқты

AstanaTV
12.05.2024ж. 10:53
602
Мас жүргізуші полициядан қашамын деп аялдамаға соқты

Іле ауданында автокөлік жүргізушісі автобус аялдамасына үлкен жылдамдықпен кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде «Беркут-35» экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды.

«Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, керісінше қуғын-сүргіннен жасырынуға тырысты. Нәтижесінде жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті. Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды», - дейді Бауыржан Әленов.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.