$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында Жайық өзеніне әлі де су келіп жатыр - ТЖМ

AstanaTV
12.05.2024ж. 19:38
506
Атырау облысында Жайық өзеніне әлі де су келіп жатыр - ТЖМ

Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.

Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.

Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер.

"Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі", - делінген хабарламада.