Франциядағы
президенттікке талас қыза түсті. Сайлау алды науқанында Эммануэль Макрон Франсуа Фийонды басып озып, көш бастап
тұр. Сарапшылардың ойынша, Макрон басты қарсыласы - «Ұлттық фронттың»
лидері Марин Ле Пенды де артта қалдыруы мүмкін. Соңғы екі жылда экономика
министрі болған ол қарсыластарын сынаумен халықтың сеніміне кірген.
Эммануэль
Макрон, президенттікке үміткер:
Олар
өздеріне тиесілі емес нәрсені халыққа бергісі келеді. Олар біздің
мүмкіндігімізді шектеп, бостандығымызды сатып кетті. Олар халықтың теңдігін
сақтап жатқан жоқ. Қазіргі биліктегілер өздеріне ұқсамайтындардың бәрін жек
көреді. Оларға халықтың пікірі қызық емес.
Ал
келесі үміткер, «Ұлттық фронттың» көшбасшысы Марин Ле Пен Еуропарламент
кассасына 300 мың еуро төлемеді деп айыпталып жатыр. Алайда Ле Пен өзінің 144
тармақтан тұратын сайлау алды бағдарламасын жасап үлгерді. Оның ішінде
Францияның НАТО-дан еркін болуы, алдағы уақытта Ұлыбритания секілді Еуроодақтан
да шығуы қарастырылған. Айта кетейік, үміткерлердің қатарында Франсуа Олланд
пен бұрынғы мемлекет басшысы Николя Саркози де бар.
Габриель
Дюаленс, Франция тұрғыны:
Шынымды
айтсам, түсініксіз нәрселер көп болып жатыр. "Ұлттық фронт", мысалы, 300
мың еуро төлеуі керек Еуропарламентке. Бұл жерде шикілік бар. Ал тағы бір
үміткер Фийон мырза жұмысқа әйелі мен балаларын алыпты. Журналистер дәлел іздеп
жатыр, бірақ ол енді маңызды емес. Біз бәріміз сайлау учаскесіне барып, әділ
таңдау жасауымыз керек. Себебі осындай адамдар ертең мемлекетті құрдымға
жіберуі мүмкін.
Саламат ОМАШ