Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 15 мамырда (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.