Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бір топ депутат Президент Жолдауын халыққа түсіндірді

AstanaTV
06.02.2017ж. 20:00
2940
Бір топ депутат Президент Жолдауын халыққа түсіндірді

Бүгін Алматыда да бірқатар депутаттар Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті жолдауын насихаттауға келді. Халық қалаулылары еліміздің ең үлкен жоғарғы оқу орны- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымымен жолықты. Алматыда 200 мыңға жуық студент білім алады. Оларға да жолдаудың, соның ішінде оқу процестеріне ақпараттық технологияны енгізу, сандық технологияны қолдану үштілділік пен сапалы білім алу сияқты бағыттар маңызды. Депутат Гүлмира Исімбаева, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық ойлы, жаңа заман мамандарын даярлау қажеттігін атап өтті. Ал Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Қазақстанның ақпараттық ағыннан қалып қоймай, жаңа заманның көшімен бірге жүруі бүгінгі жастармен тікелей байланысты, деді. Сондықтан халық қалаулылары құжаттың маңызды бөлімдерін студенттермен талқылау үшін келгендерін айтты.

Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:

Мемлекет басшысы айтып кеткендей, жақында ақпаратттық технологиялардың екпінді дамуы мен экономиканың түгелдей цифрлы жүйеге көшуі - ол заман талабы болып отыр.  Әлемдік өркениеттің даму парадигмасынан дара шығып кетпес үшін, қалып қалмас үшін біздің экономика жаңғыртып отыруды жүзеге асырып отыруымыз қажет деп отыр.

Елбасы Жолдауын халық арасында түсіндірудің мәні зор. Өйткені бұл құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын көтерудің нақты міндеттері айқындалған. Павлодар облысына келген халық қалаулылары осы қағиданы бек ұстанып, өңірдің әр саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың қатарында өндіріс ұжымдары еңбеккерлері, зейнеткерлер мен студенттер, денсаулық сақтау және білім саласының қызметкерлері бар. Президенттің биылғы дәстүрлі жолдауы, әдеттегідей, бар саланы қамтыды. Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев аймақтағы сапары барысында 500-ге жуық тұрғынмен кездескенін айтты. Мәжілісмен бұқара тарабынан түскен сауалдар мен көтерілген мәселелердің сан алуандығына тоқталды. Әсіресе, оны жастардың белсенділігі қуантқан.

Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Оқу жөнінде, үштілділік жөнінде. Субсидия жөнінде. Себебі бүгінде жастар оқу бітіріп, жұмыс таба алмай жүр. Сол себептен олар кәсіпкерлікке барғысы келеді. Сонда қандай жеңілдіктер бар, сол тарабынан. Жолдауда 16 млн дейін кәсіп ашқысы келгендерге көмек болады деген.