$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда мектеп оқушылары әскери өмірмен танысты

13.05.2024ж. 20:00
383
Павлодарда мектеп оқушылары әскери өмірмен танысты

Павлодарда мектеп оқушылары әскери өмірмен танысты. «AMANAT» партиясының «QAISAR» әскери патриоттық жобасының «Сарбаз болғым келеді...» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары Ұлттық Ұланның 5512 әскери бөліміне барды. Олар сарбаздардың тыныш тіршілігін көріп, қару жарақтармен жақынырақ танысты. Әскери саланы таңдаған оқушылар офицерлер мен сарбаздарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар бұндай шара жастардың патриоттық сезімін оятып, өз елін, жерін сүюге ықпал жасайтынын айтады.

Арман АБДРАСУЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ "ШЫҒЫС" ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Айына бізде 3-4 рет өткізіп тұрамыз. Қала бойынша 43 мектеп бар. +біздің қазіргі жас буынымыз 10-11 сыныптар бұлардың да Отан қорғайтын кездері алыс емес. Барлығы да қазір кәмелеттік жасқа толған. 18 жасқа толғаннан кейін Отан алдындағы парыздарын өтеу үшін біздің ҚР орналасқан әр әскери бөлімдерге шақырылады.

Тимофей ЖАРКОВ, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Біз бүгін әскери бөлімді аралау арқылы керемет әсер алдық. Әскерге барған ағаларымыздың әскери өмірін көрдік. Казармалармен таныстық. Біз үшін казарма қызық болды. Кинолог маманның итпен жұмыс істегені тіптен қызық. Ит те оның айтқан командаларын бұлжытпай орындады. Таң қалдық. Бұл үшін де көп еңбек қажет екенін түсіндік.

Ал Қостанайда «Жастар Рухы» жастар қанатының орталығында әскери-патриоттық тақырып талқыға түсті. «QAISAR» жобасы аясында ұйымдастырылған диалог алаңында еріктілер мен ардагерлер кездесіп, келелі әңгіме құрды. Өр бабалар мен өздерінің ерлігін өрбіте отырып, жастардың өне бойындағы елсүйгіш сезімін оятты. Әскерге бару - рухты ұрпақтың міндеті. Ал бой тасалау әлсіздердің әрекеті.Кездесу барысында өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

 Батырхан АМАНДОСОВ, ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ерлік сабағын өткіздік.Ерлік біздің жастар үшін, жастар патриоттығы үшін жастарға біз көмек беріп, жастарды патриотизмге салып. Сол патриотизм неден басталады. Отбасыдан басталады.Мектептен басталады.Сонда өткізетін іс-шараларымыз да өте көп.