$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда бір уақытта 310 адам биіктігі 4120 метрлік 28 Панфиловшылар шыңын бағындырды

Алматыда бір уақытта 310 адам  биіктігі 4120 метрлік 28 Панфиловшылар шыңын бағындырды

Алматыда бір уақытта 310 адам биіктігі 4120 метрлік 28 Панфиловшылар шыңын бағындырды. Альпиниада Отан қорғаушылар күні мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 79 жылдығына арналды.

ЭЛЕОНОРА ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгін міне Алматы тұрғындары мен қонақтары әйгілі Панфилов шыңын бағындыруға жиналды. Шараға қатысушылар саны 14 пен 60 жас аралығын қамтиды. Шамамен қатысушылар саны 1000-ға жуық деп жоспарланып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сағат таңғы бестен бастап альпиниадаға келушілердің қарасы көп. Күн жаңбырлы, ал таудағы қыстың қалың қары әлі ерімеген. 57 жастағы Ахмет Маханбетов дәл осы шараға осымен бесінші рет қатысып отырғанын айтады.

Ахмет МАХАНБЕТОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Тауға шығу маған өте керемет, денсаулығыма... апта сайын шығып тұруға тырысамын. Қызым да шығады, екеуміз әсіресе. 8 жылдан асты. Қазір енді энергиямыз кетіп жатыр ғой. Соған Байланысты алып алдым, сусын, шәй, киімдер... ауа-райы қолайсыз болып тұр, өздеріңіз көріп тұрсыздар, жаңбыр жауып..

Әсел ЕЛЕМЕСОВА, ҚАТЫСУШЫ:

Негізі тауға шыққанды жақсы көремін. Бір медитация сияқты өтеді менде. Ауа-райы жақсы болса, бәрі жақсы өтетін шығар деп ойлаймын. Сосын бізге МЧС көмектеседі деп ойлаймын, өткен жолы да жақсы көмектескен, бәрін қадағалаған, что бы жақсылап шығып, аман-сау төменге түсіп...

Шара халық пен жастарды белсенді демалысқа тарту, альпинизмді дамыту және насихаттау мақсатында өткізілуде. Және тұрғындарды табиғатпен етене байланыстырып, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экоакциясын қолдауды көздейді. Тауға шығуға 1200-ге жуық адам өтінім білдіріп, оның 500-і қатысқан.

Ада Молгачева, ҚАЛАЛЫҚ СПОРТТЫҚ ТУРИЗМ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

28 Панфиловшылар шыңына шығу соңғы 10 жылдан бері өтіп келеді. Мұнда тауға шыққысы келетін кез келген адам қатыса алады. Біз оларға дұрыс бағыт көрсетіп, тауға жеңіл шығу жолдарын, қиын болу мүмкін тұстарын айтамыз, қадағалаймыз, қолдау көрсетеміз.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін альпиниадашылармен бірге 3 шыңды бағындыру жоспарда бар. Оның ең ауқымдысы -шілде айында өтетін 1403 метрлік Комсомол шыңына шығу.