$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соқтығысып, екі адамды басып кетті

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соқтығысып, екі адамды басып кетті

Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соғып, екі адамды басып кетті.  32 және 48 жастағы азаматтар сол жерде көз жұмды. Апатқа кінәлі ЗИЛ-131 автокөлігінің иесі мас күйінде қамауға алынды. Ол оқиға орнынан қашып құтылуға тырысқан көрінеді. Қаза тапқандардан бөлек үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Жағдай тергеп тексерілуде. 

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.