Бүгін Астанада атышулы сот процесіне нүкте қойылды. Жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Бишімбаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Ал осы іске қатысты тағы бір айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Айжан ҚҰЛБАЕВА, СУДЬЯ:
Қуандық Бишімбаев Қылмыстық Кодекстің 110 –шы бабының 1-ші пункті, 2-ші бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал 99 – шы бабтың 5-ші пункті, 2-ші бөлігіне сәйкес 20 жылға бас бостандығынан айырылады. 2023 жылдың 9-шы қарашасынан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін, қамауда ұстау мерзімі бір тәулікке есептелсін.