Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы ит пен мысықтарды ұстау ережесіне өзгеріс енгізбек

AstanaTV
06.02.2017ж. 20:00
4265
Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы ит пен мысықтарды ұстау ережесіне өзгеріс енгізбек

Өткен жылы Қостанай облысының 3 мыңнан астам тұрғынын ит қауып, мысық тырнаған. Құтыруға шалдыққан 4 төбеттің көзі жойылған. Осындай мәлімет келтірген облыстық табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері өңірдегі ит пен мысық ұстау ережесіне түбегейлі өзгеріс енгізу керек деп отыр. Ит пен мысық ұстау ережесін жергілікті мәслихат 2015 жылы бекіткен. Алайда, құжаттың олқы тұстары көп дейді, - облыстық табиғат қорғау прокуроры. Мәслихат қабылдаған қағидаттың осалдығынан  өңір тұрғындары зардап шегіп отыр деді. Мәселен былтыр, тек Қостанай қаласында мыңға жуық адамды ит қапқан. Сондықтан прокуратура өкілдері ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтады. Тіпті өздері әзірлеген жобаны да таныстырып өтті. Енді мемлекеттік  мекеме өкілдері мен құзырлы орган қызметкерлері арнайы жұмыс тобын құрып, жаңа ережені жан-жақты саралап, халықтың  талқысына ұсынуды көздеп отыр.

Нариман Қасымбеков, Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Бір пәтерде, мысалы, қанша ит ұстауға болатынын оның снитарлық-эпидемиологияға сәйкес, Қостанай облысында қай жерде ит пен мысықтарды ұстауға, қанша ұстауға. Және олардың иелеріне қандай міндертерді біз сол қағидамдыз көрсетіп отырмыз. Бұл қағиданы көпшілік талқысына ұсынатын боламыз.

Өңірдегі ветеринария саласының мамандары өткен жылы 3500 ит пен мысықтың көзін жойған. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 2 миллион 400 мың теңге бөлініпті. Ережеге өзгеріс енгізуді басқарма өкілдері де қолдап отыр. Жаңа қағида қабылданса, ит пен мысық ұстайтын тұрғындарға талап күшейіп, бірқатар өзекті мәселе өз шемімін табар деген сенімде.

Шоқан Тасмағамбетов, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Бір подъезде бір көршісі  5-6 ит ұстайды екен. Оған қарап балалар қорқады екен. Арнайы ит қыдыртатын жер болмағандықтан, балалар ойнайтын аулада жүреді екен. Сондықтан ол иттерден қауіпті аурулар жұқтыруы мүмкін. Жаңағы биологиялық қауіпсіздік жағынан да біз осы шараларды қолдануға мәжбүрміз. 

Заңғар САНАЙ