$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге үй салыса алады

AstanaTV
13.05.2024ж. 18:37
876
Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге үй салыса алады

Жұмыссыз жүрген азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналаса алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жобаны іске қосты. Осы бағдарлама аясында бос жүрген адамдар жапа шеккен аймақтарға көмектесіп, тұрғын үй салу және инфрақұрылымды жөндеу шараларына қатысып, ақылы еңбек ете алады.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады. Ұнаған қызметке өтініш тастап, бірнеше әңгімелесу барысынан өтеді. Қазір платформада 42 бос жұмыс орны бар. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.