$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тіс өсіретін дәрі адамдарға сынала бастады

AstanaTV
13.05.2024ж. 21:37
1006
Тіс өсіретін дәрі адамдарға сынала бастады

Жаңа препараттың көмегімен ересек адамдар да тіс өсіре алады, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Ғалымдар ересек адамдардың жұлынған тістерінің орнына жаңа тіс өсіру әдісін тапты. 2021 жылдан бері жалғасып келетін зерттеулердің нәтижесінде жаңа препарат жасалды. Түсіп қалған, жұлынған тістің орнына тіс өсіретін жаңа препарат осы жылы адамдарға сынала бастайды. 2023 жылы бұл препараттың клиникалық сынақтарының жоспары бекітіліп, жақын айларда адамдар арасындағы сынақтар басталмақшы.

Препарат негізінен бастапқы тіс жасушаларының сүт тістерге немесе тұрақты тістерге айналуын болдырмайтын USAG-1 деп аталатын ақуызды өшіруге бағытталған.

Егер адам сынақтары сәтті және еш қиындықсыз өтсе, көптеген пациенттер алдағы 2-3 жылда жоғалған тістерін қалпына келтіруге арналған препаратты қолдана бастайды.