Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Жақып Асановты қабылдады

AstanaTV
07.02.2017ж. 20:00
2193
Президент Жақып Асановты қабылдады

«Кез-келген қылмыс ғалаторда талқыланады. Сондықтан прокурорлар жұмыс істеуге мәжбүр. Осылай деген Бас прокурор Жақып Асанов президенттің қабылдауында әкімшілік және қылмыстық үдерістерді электрондық-цифрлық форматқа көшіру мен жекелеген жобалардың іске асуы туралы сөз қозғады.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры: 

Кез-келген қылмысты мынау интернет арқылы, ел болып талқылап жатады. Бұл деген жақсы. Өйткені құқық қорғау органдары, біз аяғымызды тартып жұмыс істеуге мәжбүр боламыз. Қоғам бізден талап етеді. Экономикалық жағынан айтсақ. Ұрланған активтер. Соны қайтару керек. Неше түрлі тиімді жолдары бар. Қазір шетелде 56 миллион доллардың қаражатын тәркіледік. 


Сондай-ақ, Бас прокурор тәуелсіздік жылдары елімізде қылмыс санының үш есеге азайғанын айтты. Оның сөзінше, тоқсаныншы жылдары Қазақстанда 100 мыңға жуық бас бостандығынан айырылған адам болса, қазіргі кезде 36 мың. Кездесу барысында Жақып Асанов бизнес өкілдеріне жүргізілетін тексерістер санын азайту, құқық қорғау саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайту, кадрлар даярлау жөнінде айтты. Ал мемлекет басшысы бақылаушы орган ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Қылмыс былтырғыдан биыл көп тіркелсе, құқық қорғау органдарын жазалайтын. Соны жасыратын тіркемей, өтірік мағлұмат беретін. Қазір жасыратын ештеңе жоқ, ешкім жазаланбайды. Барлық қылмыс тіркелу керек. Конституциялық реформалар жағынан. Қарау керек тағы. Нені өзгерту керек, не істеу керек? Полиция жағынан бірнеше шара қолдандық. Орындалып жатыр ма, орындалмай жатыр ма, қарау керек.