Атыраудағы бірнеше мөлтекаудандар мен көшелер үшін айдын су таңсық емес. Коммуналдық шаруашылық мекемесіндегілер 1 айда 80 мыңнан аса текше метр су сорып, қала сыртына төктік дегендерімен, суға батқан үйлердің тұрғындары жергілікті биліктен қайыр жоғын айтады. Атыраудағы былтырғы қалың нөсер де ешкімге сабақ болмаған. Ал ешкім дренажбен айналыспағасын, суға батқан үйлердің қайыққа ұқсап тұра беретіні даусыз.
Мейрамгүл Қазығалиева, Атырау қаласының тұрғыны:
Міне үйіміздің астындағы суымыз. Осылай қалқып жатыр. Күніне бәлен табақ су шығарамыз. Ол судың бітетін түрі де жоқ. Айналамыз толған су иісі сасып үйге де кіріп жатыр. Бала да ауырып ауруханадан шықты ларингит ауруы болып салқын тиген деп.
Етең, 20.00 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық
бағдарламасынан Атырау қаласындағы үйлерін су басқан тұрғындардың сауалы мен шенеуніктердің
жауабын арнайы репортажды көре аласыздар.