Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды.
Заңнама талаптарын бұза отырып, а.ж. сәуір айында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мердігермен «бір көзден» 125 млн теңгеге келісімшарт жасаған.
Басқа жағдайда, сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектігі бар қоғамдық бірлестіктердің құқықтарына нұқсан жасайтын талаптар негізсіз белгіленген.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлығы 335 млн теңгеден астам сомаға сатып алу тоқтатылды, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Қабылданған шаралар бизнес субъектілері арасында адал бәсекелестікті қалпына келтіруге бағытталған.