$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 600 млн. теңгені жұмыспен қамту орталықтарының мамандары өз пайдаларына жаратқан

14.05.2024ж. 20:00
495
Павлодарда 600 млн. теңгені жұмыспен қамту орталықтарының мамандары өз пайдаларына жаратқан

Павлодарда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы қағаз жүзінде ғана орындалған. Мемлекеттен берілетін тегін көмекті жұмыспен қамту орталықтарының мамандары өз пайдаларына жаратыпты. Оңтүстік тұрғындарының құжаттарын пайдалану арқылы оларды қағаз жүзінде көшіріп, ақшаларын өздері алып отырған. Бұл бағдарлама негізінде үй сатып алу үшін қоныс аударушыға баспана құнының жартысы төленеді. Осыны пайдаланған пысықай мамандар ауылдарда қараусыз бос қалған, тұруға жарамайтын үйлерді небәрі 500 мың теңгеге сатып алып, оны 8 млн. теңге деп бағалатқан. Осылайша, үй бағасын қолдан қымбаттату арқылы қаржыны негізсіз иемденіпті. Яғни, мемлекет беретін 4 млн. 200 мың теңгені қалтаға басқан. Бұны Павлодар облысының прокуратурасы анықтады. 

Асхат ӘТЕКЕЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Тек 6 ауданда ғана 600 млн.-нан астам шығын анықталды. Прокуратура тексеріс материалдарын ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде. Тексерістер әлі де жалғасуда.