$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тезірек қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етуіміз керек», – О. Бектенов

14.05.2024ж. 20:00
609
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тезірек қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етуіміз керек», – О. Бектенов

Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті. Премьер-Министр тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе эвакуациялық бекеттердің жұмысын жетілдіру керек, - деді. Мұндай орындар кез келген уақытта тұрғындарды қабылдауға дайын болуы тиіс.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек.

Су тасқынынан зардап шеккен 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Қаржының жалпы соммасы – 7,5 млрд теңге. Ал 680 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін 362 млн теңге өтемақы берілген. Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары да басталды. Қазірдің өзінде 568 отбасыға 710 млн теңге үлестірілді.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.