$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
15.05.2024ж. 10:08
670
Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда коммуналдық желілердің 90 пайыздан астамы тозып тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Себебі кәріз жүйесіндегі коллекторды жедел жөндеу қажет.

"Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Салханов техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы болып тағайындалып, оған төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", – делінген әкім қаулысында.