$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Көлік терезесін қараңғылауға рұқсат берілгені дұрыс", - автосарапшы

15.05.2024ж. 20:00
867
"Көлік терезесін қараңғылауға рұқсат берілгені дұрыс", - автосарапшы

Көлік терезесін қараңғылауға рұқсат берілсін. Бір топ белсенділер осындай бастама көтерді. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда темір тұлпардың терезесін күңгірттеу үшін жүргізушілер салық төлеп, рұқсат алады. Бірақ бұл арзан тұрмайды. Осындай әдіспен ел билігі қыруар қаржы табуда. Сарапшылар бізге де осылай бюджетті толтыруға болады дейді. Себебі, әйнектерін қараңғылауға сұраныс жоғары екен.

Көршілес Өзбекстанда 2018 жылы "тонировка" жабыстыруға рұқсат берілген. Ол үшін жылына ең төменгі жалақының 90 есесін, шамамен 500мың теңге беруің керек. Терезесі тұмшаланған шетелдік көліктер шекараны асу үшін 15 АҚШ долларын төлейді. Билік осылайша ел қазынасына қаржы құюда. Айыр қалпақты ағайынның елінде де осындай. Бір жылға шамамен 400 мың теңге салық төлейсің де, алаңсыз жүре бересің. Белсенділер бұл жүйені бізге де еңгізсе дейді.

Байханбек ҚАРАУЫЛБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі көліктердің сапасына ешкім жауап бере алмайды. Күннің астында тұрып, панелі жанып кеткендер көп. Әрине, арнайы шарттары болу керек. Мысалы, артқа қойылатын тонировкалар секілді қап-қарасы керек емес. Яғни, түнде де, күндіз де жақсы көрінетіндей. Сол басты шарт болуы керек. Қап-қараңғы болса жол апатына әкелуі мүмкін.

Бұл тұста халықтың ойы екіге бөлінді. Бірі терезені тұмшалау керек десе, енді бірі бұл қауіпті дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Криминал жағынан болмайды. Өйткені ішінде қандай адам кетіп бара жатқанын, не істеп жатқанын білмейсің.
- Определенный процентаждары болады ғой тонировканың. Енді артындағыдай 100 пайыздық керек емес. 50, 45 пайыз жетеді.
- Алдына керек емес-ау. Одан да анық көріп, машина деген опасно ғой. Біреуді түртіп алуың мүмкін.

АҚШ-та да көлік терезесін күңгірттеуге рұқсат. Бірақ әр штатта әртүрлі. Ыстық аймақтарда 70 пайызға дейін қараңғыласа, солтүстігінде 5 процентке ғана рұқсат берілген.

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Автокөліктің алдыңғы әйнегін қараңғылап жүретіндер жоқтың қасы. Өйткені, рұқсат жоқ. /жыртып тастаймын/

Айыппұл арқаламас үшін осындай қадамға барасың. Негізі бұл күннің көзінен қорғау үшін қажет. Кәдімгі көзілдіріктің қызметін атқарады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ, АВТОСАРАПШЫ:

Егерде жүргізушіге кедергі келтіреді дейтін болсақ қараланған көзілдірікті де киюге тыйым салып тастау керек. Сен дұрыс көрмей қаласың деп. Оған бізде рұқсат бар ғой. Сол сияқты шторканы да түнде көрмесең алып тастайсың да жүре бересің. Күндіз басқаларға көрінгің келмесе, ысып кетеді деп қорықсаң оған рұқсат беру керек.

Қалай десек те заң мұндай баламалы түріне рұқсат бермейді. Сондықтан автокөлік әйнегін қараңғылау үшін түрлі құйтырқы әрекет жасайтындар бар. Арнайы жабыстырма қолданбай әйнекті күйдіреді. Әйтеуір күннен қорғанудың амалын табады. Ал зауыттан терезесі қараңғыланып шықса айыппұл арқаламайды.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Егер зауыттан шыққан кездегі нормалардан асып басқа нәрселерді орнататын болса оның барлығын переобородувание дейміз, техникалық регламентке сай келмеушілік деп айтамыз. Қолдан қосымша қараңғылататын болса ҚР ӘҚБК 590- бабы, 5-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Көліктің артқы және жолаушы отыратын беттерін қараңғылауға болады. Ал алдыңғы әйнектерін күңгіттегендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Құқық бұзушылық тағы қайталанса көлемі де өседі. Ал күйдірілген әйнектерді орнатқандардың темір тұлпары айып тұрағына қойылады.