$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда полиция қызметкерін өлтірген күдікті ұсталды

15.05.2024ж. 20:00
571
Қостанайда полиция қызметкерін өлтірген күдікті ұсталды

Тобыл өңірінде тәртіп сақшысын өлтірген күдікті қолға түсті.Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша ұсталған азамат уақытша қамау мекемесіне жеткізілген. Естеріңізге салайық, аса ауыр қылмыс Қостанай облысында 5 күн бұрын болды. Күдікті полицейді үйінің ауласында ажал құштырған. Полиция департаменті мамандарының мәліметінше,марқұм Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып қызмет еткен.Жыл сайынғы еңбек демалысында жүріпті. Сотқа дейінгі тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында.Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмей отыр. 

Нұрлан АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды.Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аса ауыр қылмыстық фактісі бойынша іс қозғалды.Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.