$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда медициналық жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу қиындамақ

AstanaTV
15.05.2024ж. 17:57
532
Қазақстанда медициналық жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу қиындамақ

Денсаулық сақтау министрлігі ақылы оқитын талапкерлерді медициналық жоғары оқу орындарына қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің пікірінше, медициналық жоғары оқу орындарында студенттер тым көп. Бұл білім беру ресурстарының шамадан тыс жүктелуіне және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады екен.

"Студенттерді ақылы негізде артық қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медициналық білімге деген сенімін айтарлықтай төмендетіп, денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қиындықтар туғызады", – делінген хабарламада.

Министрлік он жылдық медициналық білім беру бағдарламалары құрылатынын жеткізді. Мұнда олар демографиялық процестер мен денсаулық сақтау жүйесінің өзекті қажеттігін ескеретінін атап өтті.