Шымкентте жасырын есірткі қойып кетуші қылмыс үстінде ұсталды. Ер адамнан аса ірі мөлшерде “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының аясында рейд жүргізу барысында ұстады. Азаматтан 36 орама мефедрон табылды. Ұсталған азаматтың интернеттен “жұмыс” тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.