$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қазақстан мен Нигерия бірлесіп түсірген «Адам бол» фильмі көрерменге жол тартты

16.05.2024ж. 20:00
378
Қазақстан мен Нигерия бірлесіп түсірген «Адам бол» фильмі көрерменге жол тартты

Қазақстан мен Нигерия бірлесіп түсірген «Адам бол» фильмі көрерменге жол тартты. Бұл- Халықаралық деңгейде көрсетілетін алғашқы қазақстандық туынды. Фильм комедиялық экшн жанрында түсірілген. Оқиға желісі бойынша қазақстандық үш жігіт Африкаға кездейсоқ барады. Кейіпкерлер түрлі сынақтарға тап болады, бірақ олар ең бастысы - кез келген жағдайда адам болып қалу керектігін түсінеді.

 «Адам бол» фильмі -Қазақстанның Нигериямен, яғни Нолливудпен бірлесіп түсірген толық копродукция. Оның басты тақырыбы– қарапайым адами құндылықтарды сақтау.

Қымбат ДОСЖАН БАС ПРОДЮСЕР, ЖУРНАЛИСТ:

Атауы айтып тұрғандай адамгершілікке, жақсылыққа адамдардың шынайы дос бола алуы керектігін көрсететін фильм. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас. Бұл жалғыз мемлекетке тән емес бүкіл әлем бойынша шетелдік мемлекетте тұратын адамдардыңда көкейтесті мәселесі деп ойлаймын.

Фильмнің сценарийі жарты жыл жазылса, түсірілім жұмыстары небәрі бір айға созылды. Қоғамның ақ пен қарасын қатар баяндайтын бұл туындыдан актерлердің де түйгені мол.

Қуаныш ҚҰДАЙБЕРГЕН, АКТЕР:

Киноның түсірілім барысы өте бөлек. Өзім үшін көп нәрсе ұқтым. Актерлік жағынан, актерлік шеберлік жағынан жәнеде Африкаға барып келгеннен кейін өзім іштей өзгерістер көп болды. Былайша айтқанда менде Адам болып қайттым деседе болады.

Фильмнің 80 пайызы Нигерияда түсірілді. Киноға отандық мамандар мен екі елдің танымал актерлері, продюсерлері, режиссерлері, сценаристері және операторлары атсалысты.

Рауан РОМАНИ, АКТЕР:

Үлкен тәжірбие алмастық десек те болады. Африкандық әріптесіміз Адам бол фильміндегі рөлі үшін Жыл номинациясы сыйлығымен марапатталды. Бұл барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Берілген рөлді жоғары деңгейде сомдап шығу актердің басты міндеті.

Фильм ағылшын тіліне де аударылады. Сондай-ақ Netflix Africa және Prime TV танымал платформалары арқылы прокатқа шығады.