Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Отандық өнім қымбаттығынан өтпейді

AstanaTV
08.02.2017ж. 20:00
3544
Отандық өнім қымбаттығынан өтпейді

Қарағандының резина-техникалық бұйымдар шағаратын зауытының өнімі қымбат. Сондықтан "Арселор Миттал Теміртау" өнімді сырттан тасымалдайды. Біздің арна тілшілеріне берген эксклюзивті сұхбатында компанияның «Қазақстандық қамту» бағдарламасының жетекшісі Андрей Блейх осылай деді.

Андрей Блейх, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Қазақстандық қамту» бағдарламасының жетекшісі:

Тасымалдауыш таспаны Украина, Ресей кәсіпорындарынан алу едәуір арзан болды. Қазақстанда ол 40-50 пайызға қымбат. Бұл тақырыпта облыс әкімдігі де, министрлік те жұмыс істеді. Бірақ аталған зауыт басшысын көндіре алмадық. Ол баға саясатын өзгертпей қойды. Сондықтан да жабылып қалды.

Бұған дейін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, «Арселор Миттал» АҚ-ын «үкіметтен жеңілдік алады, ал отандық өнімді сатып алуға келгенде тартыншақтайды» деп, сынға алған еді. Үкімет басшысы Қарағанды резина-техникалық бұйымдар зауытының жабылуын да осы мәселемен байланыстырған еді. Алайда, Миттал басшылары жергілікті өнімдер мен қызметтерді сатып алуда көш бастайтындарын айтады. Кәсіпорын тұтынатын тауардың 67, ал қызметтің 98 пайызы Қазақстандікі деп отыр. Ал жұмысшылардың 94 пайызы - қазақстандықтар. Компания бүгінде елдегі 900 өндіріс орнымен жұмыс істейтінін айтты.