$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті

16.05.2024ж. 20:00
470
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтардың арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленеді. Қаражат нысаналы мақсат бойынша - жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалуы тиіс. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесуде осылай деді. Жұртшылықтың ұсыныс-талаптарын тыңдап, келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді. Қазір өңірде жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізіліп жатыр. 3 мыңға жуық өтініш түскен. 

Серік Шәпкенов, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Біз қазір мынау есептердің барлығын жүргізіп жатырмыз. Алды кеше басталды. 15 нен бастап береміз дегеннен кейін. 1 жұма 10 күннің ішінде түгелімен барлығына бағалауының барлығын жеткіземіз. Біз бұл қаражатты тұрғын үйді сатып алуға немесе сол жерге салып алуға береміз.