$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тобыл өңірінде «Жарқын ауыл» жобасы аясында 400-ден астам ауыл қамтылады

16.05.2024ж. 20:00
446
Тобыл өңірінде «Жарқын ауыл» жобасы аясында 400-ден астам ауыл қамтылады

Қостанай облысында алғаш рет «Жарқын ауыл» жобасы қолға алынды. «АМАNАТ» партиясының игі бастамасы астықты өлкедегі төрт жүзден астам ауылдың ажарын кіргізіп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарады. Партия бастамасын жергілікті билік қолдап отыр.Межелі жобаға меценаттар да атсалысады. «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасы бойынша биыл 5 мектеп салынып, 51білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі.Дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункттер ашылып, мәдени және спорт нысандары салынады. Ондаған елдімекенге су құбыры тартылады. 1 мың шақырымға жуық жол жөнделіп, ауыл көшелері көркейеді.

«Жарқын ауыл» жобасы ең әуелі Қостанай ауданына қарасты Айсары елдімекенінде жүзеге асады.1300 тұрғыны бар ауылдың 3 көшесі жөнделіп, балалар ойын алаңы бой көтереді. Стадион қайта түлейді. Фельдшерлік пункт салынады.

Бауыржан НҰРҒАЗИН, АЙСАРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бұл -үлкен жоба. Мұның ауыр жағы да бар.Жеңіл жағы да бар.Бірақ шамамыз келсе жылдың аяғына дейін осы бағдарламаны орындау бар мақсатымыз.Халықтың жағдайын жақсарту.Сонымен қатар 2 жыл көлемінде ауыз су бағдарламасымен 1 миллиард теңге көлемінде проект жасалынып жұмыс басталған болатын.

Алмат ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл осы жоба аясында төрт жүзден астам ауылды қамтимыз. Облыстық бюджеттен 50 миллиард теңге 1 мың шақырым жолды жөндеуге бөлінді.Қомақты қаражат есебінен 280 ауылдың көшелеріне де ақша жұмсалады.56 білім ошағы жөнделіп, 19 медицицналық мекеме ашылады.8 мәдени және спорттық нысандар салынады.19 елді мекенге су құбыры тартылады.