$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды облысында су тасқынының салдарынан тас жол опырылып қалды

16.05.2024ж. 20:00
589
Қарағанды облысында су тасқынының салдарынан тас жол опырылып қалды

Қарағанды облысында тас жол опырылып қалды. Нұра- Осакаровка тас жолындағы үлкен шұңқырды көлік жүргізушілер түсіріп алған. Олардың айтуынша, трасса бірнеше жерден опырылып кеткендіктен бұл маңаймен жүру қауіпті. Машиналарға қолайсыздық туындауда. Жол бірнеше жыл бұрын ғана жөнделген. Қарағанды облысының жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасы трассаның 2021 жылы жөнделгенін растады. Алайда биыл су тасқынының кесірінен қайта істен шыққан. Дәл осы маңайда су жүргізетін құбыр бар, ол да әсер еткен. Биыл орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ал шұңқырды уақытша жаптық,- деп хабарлады коммуналдық қызмет өкілдері.