Бүгін еліміздің 14 облысында ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бұл өңірлерде сынақ 5-шілдеге дейін жалғасады. Ал су тасқыны болған 6 аймақтағы түлектер тесті 25 мамырдан 12 шілдеге дейін тапсыра алады. Биыл тестілеуге 181 мың мектеп бітіруші өтініш берген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Биыл ҰБТ тапсырмаларында өзгеріс жоқ. Талапкер жылдағыдай 120 сұраққа 4 сағатта жауап беруі қажет. Тек алғаш рет сынаққа қатысушылардың ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді.
Болатбек АБДРАСИЛОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Математика-физиканы таңдаған балалардың саны 16 пайыз, биология-химия 16 пайыздан артық, шығармашылық 13 пайыз және 11 пайыз математика-информатика пәнін таңдап отыр. Бұл деген биология-химия бағытына негізделген мамандықтарды жастарымыз көбірек таңдауға мүмкіндік алатынын көрсетеді.