$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда алаяқ ақылы есі кем қызды сан соқтырды

16.05.2024ж. 20:00
481
Павлодарда алаяқ ақылы есі кем қызды сан соқтырды

Павлодарда алаяқ ақылы есі кем қызды сан соқтырып кетті. Алдымен онымен танысып, әрекетке қауқарсыз екенін білген соң, оның атынан 800 мың теңге несие рәсімдеген.  Қызды фотоға түсіріп, барлық жеке деректерін пайдаланған. Онымен қоймай, онлайн сауда арқылы өзіне құны 350 мың теңге болатын смартфонды да несиеге алыпты. Мүгедек адамға берілетін 79 мың теңгелік жәрдемақысын өз шотына аударып алған. Ең сорақысы қаражаттың барлығын құмар ойынға салыпты. Өңірде жыл басынан бері 400-ден астам адам алаяқтың құрбаны болған. 

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Барлық қаражатты букмекерлік кеңселерге салған. Алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.