$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қаза тапты

AstanaTV
16.05.2024ж. 19:44
465
Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қаза тапты

Жезқазғанда ер адам медициналық тексеруге бара жатқан жолда полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 мамырда Жезқазғанда полиция көлігінде ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар күйеуінің мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарғаны үшін қала тұрғыны полицияға хабарласқанын хабарлады.

“Оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторлары ер адамды көлікпен медициналық мекемеге тексеру үшін жеткізу кезінде оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өліміне алкогольдік кардиомиопатия салдарынан болған жүрек жеткіліксіздігі себеп болды”, – деп түсіндірді полиция бөліміндегілер.