$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті ұсталды

AstanaTV
17.05.2024ж. 05:39
366
Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті ұсталды

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасып жатыр.