$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Кірпіге қатыгездік танытқандар анықталды

AstanaTV
17.05.2024ж. 10:06
539
Кірпіге қатыгездік танытқандар анықталды

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жас жігіттердің тірі кірпіні тепкілеп ойнағаны анықталды.

Тексеру барысында бұл оқиғаның Ақтөбе қаласында орын алғаны белгілі болды. 

Полиция бейнежазбадағы жас жігіттерді анықтап, жануарларға қатыгездiкпен қарау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, оның мертігуіне әкеп соққан жануарларға қатыгездікпен қарау 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.