$486.65 €524.46 ₽5.05
×

"Табиғатты ұтымды пайдалану перспективалары және зияткерлік ауыл шаруашылығы мәселелері" атты ғылыми конференция өтті

"Табиғатты ұтымды пайдалану перспективалары және зияткерлік ауыл шаруашылығы мәселелері" атты ғылыми конференция өтті

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Табиғатты ұтымды пайдалану перспективалары және зияткерлік ауыл шаруашылығы мәселелері» атты ғылыми конференция өтті. Шара ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Нәзия Сүлейменованың 80 жас мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Халықаралық деңгейдегі көрнекті ғалым - 3 монография, 38 оқу құралы, 360-тан астам мақала мен ғылыми әдістемелік еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен 5 ауылшаруашылығы ғылымы кандидаты, 20 магистрант, 10 PһD докторы дайындалды.

Нәзия СҮЛЕЙМЕНОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бала кезімнен өзімнің армандаған осы ауыл шаруашылығына біраз еңбегім сіңсе екен деп бала кезімнен өзімді-өзім дайындап келіп, осы аграрлық баяғы селхоз университетті таңдап, келіп қадам аттаған едім, осы қара шаңыраққа. Мінеки, бүгінгі таңда осы қара шаңырақтың төрінен орын алып 80 жасқа толып, міне, елім-жұртымның алдында сол тойды тойлап тұрғаныма шүкіршілік.

Алыс-жақын шет елден келген қонақтар профессорды құттықтап, оның адамгершілігін құрметтейтінін айтты. Конференция 4 секцияға бөлінген, онда 100-ге тарта баяндама оқылды. Сондай-ақ елдегі жалпы су тапшылығын азайту, табиғи ресурстарды үнемдейтін жаңа технологияларды өндіріске енгізу сынды тақырыптар қамтылды.

Таңжарбай АЛЛАБЕРГЕНОВ, ҚАРАҚАЛПАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бұл адам өзін академикпін, профессормын деп өзін үлкен тұтпайды. Келің балам деп қуанып қалады. Бірнәрсе сұрасақ кітаптарын мынадан пайдаланың деп, одан пайдаланың деп.. адамгершілік хақында мен қатты құрмет қыламын. Ондай көп адамның қолынан келе бермейді.Қарапайым, жүдә қарапайым.

Тастанбек АТАҚҰЛОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар жасалып жатыр.Бидайдың егісін аздап 1 млн гектарға қысқартып, оның орнына майлы дақылдар егу деген проблемалар көтеріліп жатыр. Өйткені бңзде бидай жеткілікті.Осы бағыттарға арналған көп докладтар, баяндамалар болады.